Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бақытжан Сағынтаев: Жаңбыр басылған соң бәрін ұмытып кетпейік…

Сол себептен, табиғаттың осындай тосын мінезіне дайын болу үшін, коммуналдық қызметтердің жұмысының тиімділіг үшін де әкімдік жауапты екенін естеріңізге саламын. Қала тұрғындары қалалық коммуналдық қызметтердің нашар жұмысынан зардап шекпеуі қажет.

Бізде Бауыржан Момышұлы даңғылы, Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшелерінің қиылысы, Бараев, Жастар шағынауданының су астында қалуы соңғы кезде қалыпты жағдайға айналып бара жатқан сияқты», – деген Үкімет басшысы қала әкімі Әсет Исекешевке осы мәселе бойынша қысқаша жауап беруді сұрады.

Өз кезегінде елорда басшысы қаладағы кәріз жүйесінің жұмысын жақсарту бағытында қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтып берді. Әсет Исекешевтің жауабын тыңдаған Бақытжан Сағынтаев Астанадағы автобустың ішіне су кіріп кеткен жағдайды еске салды.

«Бірінші кезекте өте қиын көшелерде алдын ала жұмыстарды атқарып, тазалап қою қажет. Жұртшылықтың айтып отырғаны мәселесі осы. Кәріз жүйелерін, су жиналатын құдықтарды да дер кезінде тазалау мәселелерін қолға алып, әр жауын жауған сайын су астында қалатын аймақтарда енді қайтып мұндай жағдайлар болмау үшін кешенді шараларды дайындау керек.

Өткен аптада сіз Астана қаласының бес жылдық кешенді жоспарының бағдарламасын айтып өттіңіз. Оны Елбасына да дайындадыңыз. Бірақ, соның ішінде осы жауын-шашыннан кейін болатын кәріздердің жұмысына баса назар аудару керек. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин – авт.), кешенді жоспарды Үкіметке шығарғанға дейін тағы да бір қарап шығыңыз. 20 жыл бойы бұл мәселеге атүсті қарап келдік десе де болады.

Жауын өткеннен кейін бәрі де ұмытылып қалып жатыр», – деп түйді Үкімет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз