Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына шұғыл түрде қаржы бөлуді тапсырды

Арнайы құралған комиссия шығынды есептеуде. Қоғам өкiлдерiне қосымша 3107 адам қамтылды. Қазiргi кезде үйлердi қалпына келтiру, жөндеу бойынша жұмыс басталып кеттi. Осындай күнделiктi жұмысты бiз атқарып жүрмiз.

Бұндай мәселе бiрiншi рет болып отыр. Мысалы, Зырян қаласында 60 жыл осындай жағдай болмаған. Ендi Бұқтырма өзенiнде мұздың қалыңдығы 2 метр болды. Қазiр жару жұмыстарын өткiзiп жатырмыз. Бiрақ та бүгiнде күн бұзылды. Өскеменде де, Зырян жақта да қар жауып жатыр. Барлық жұмысты бақылаудамыз», – дедi Даниал Ахметов.

Бақытжан Сағынтаев Үкiмет тарапынан қажеттi көмектiң барлығы көрсетiлетiнiн айтты.

«Даниал Кенжетайұлы, сiздiң жазған хатыңыз келiп түстi. Қосымша қаражат көзi көмек ретiнде бөлiнедi. 2 млрд теңге облысқа сұралды. Бақыт Тұрлыханұлы (Сұлтанов-қаржы министрi-авт.), шешiмдердi шұғыл түрде дайындаңыз.

Асқар Ұзақбайұлы (Мамин-премьер-министр орынбасары-авт.), жалпы республика бойынша осы күрделi жағдайдың барлығы сiздiң бақылауыңызда», – деп тапсырды премьер-министр.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/ykimettin-bergeni-mine-ysh-khap-komir-topan-su-shajgan-semej-halkhy-ashuga-mine-bastady-309036

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз