Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

Бақытжан Сағынтаев: Қазақстан «Doing Business» рейтингінде тағы көтерілуді көздейді

«Жақында Дүниежүзілік банк «Doing Business-2019» рейтингінің қорытындысын жария етті. Біз бірінші рет отыздыққа ендік. Қазақстан бір жылдың ішінде 8 орынға көтеріліп, 28-ші орынға табан тіреді. Аталмыш рейтинг тарихында Қазақстан тәуелсіз ел ретінде ең жоғарғы көрсеткішке ие болды. Рейтингте Эстония 16-шы орында тұрғанын білемін. Біздің мақсат – келесі жылы да алға жылжу», – деді Үкімет басшысы Астанада өткен Қазақстан-Эстония бизнес-форумында.

Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға бұрын рейтингте жоғары орынға көтерілуге кедергі болған факторларды атады.

«Қазақстанды «Doing Business» бойынша ұстап тұрған индикаторлардың бірі халықаралық сауда болып табылады. Бұрын халықаралық саудада мемлекеттің қаншалықты теңіз порттарына алыс немесе жақын екені ескерілетін. Өздеріңіз білетіндей, біз теңіз жолдарына шыға алмайтын елміз. Бірақ, қазір есептеу әдістемесі өзгертілді. Қазір тауарлар шекара арқылы жылдам тасымалданады. Біз бұл бағытта үлкен жұмыс атқардық», – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тиісті заңнамалық құжат та қабылданып қойған.

«Қазір Қытаймен бірге «Астана-1» бағдарламасы басталды. Электронды есеп-фактуралар қазіргі таңда электронды форматта толтырылады. Сосын тауарлардың 80 пайызы Қазақстан мен Қытай арасында «жасыл дәліз» арқылы тасымалданады. Биыл іске қосылған осы реформа толық имплементациядан өтіп, бәлкім келесі жылы бұл қадам Дүниежүзілік банк тарапынан бағаланып, біз Эстониямен бір қатарда болар деген ойдамын», – деді Үкімет басшысы.

Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде Қазақстан мен Эстония цифрландыру тұрғысынан ірі серіктестер екенін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз