Биыл отандық телевизияның үздіктері «Тұмар» сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда басқа БАҚ өкілдері үшін де баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығы жарияланды.
Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбук парақшасында жариялады.
Басты мақсат – талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету. Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, «Үздік фотосурет», «Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал» және «Қазнеттегі медиа серпіліс» сияқты бағыттар қамтылады.