Астаналық элиталы жезөкше бір шендіні „қалай„ сындырғанын, арадағы махаббат сезімдері туралы ашық әңгімелеп берді.
Бикештің айтуынша, ол елімізге танымал бір шенеуніктің көңілдесі болыпты, екеуі бір жыл бірге тұрыпты.
Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
“Мен кішкентай кезімнен сүйкімді қыз болып өстім. Өзімнің көрікті екенімді білгендіктен, маған көп адамның көзі түсетін. Бірақ 9-сынып оқып жүргенде өзімнен 10-15 жас үлкен, отбасылы кісілер мені ұнатып қалатынын байқайтынмын. Содан бері мен артымнан жүгіріп жүретін құрдастарыммен емес, ересек ер адамдармен көңіл көтеретін болдым”, – деген ол өзінің бұл “ерекшелігімен” мақтанатынын айтты.
https://kaz.365info.kz/zhezokshe-dep-zhazypty-kyjeuimnin-konildesi-suretim-men-nomirimdi-zhelige-salyp-zhiberdi-303770
“Мен өзім алматылықпын. Бірақ мектеп бітірген соң оқуға түсе алмай, Астанада оқитын құрбыма кеттім. Ол байдың қызы болатын, өз көлігі, пәтері болды. Бастапқыда соның үйінде тұратынмын. Сөйтіп, танымал сауда үйіндегі дүкенге сатушы болып жұмысқа орналастым.
Мұнда да Астанада да түрлі қалталы ер-азаматтардан ұсыныс түсе бастады.
Мен біреудің тоқалы болатын адам емеспін. Маған еркіндік керек. Екіншіден ешкім маған тоқалым бол деп ашық айтпайтын. Сондықтан ақырындап мен өзімнің құнымды ашық айтатын болдым”, – деген ол астаналық жезөкшеге қалай айналғанын өзі де білмей қалған.
Сауда үйінде жұмыс істейтін өзге де сұлу қыздармен достығы жарасқан Мерей көп ұзамай, бөлек пәтер жалдап тұра бастайды. Үш қыз болып жезөкшелікпен айналысып, бір түнде елу, тіпті жүз мыңға дейін табыс таба бастаған. Сөйтіп жүріп Мерейдің арбауына астаналық шенеуніктің бірі түсіп қалады.
“Ол мені шын ұнатып қалды.
Менің жезөкше екенімді білген жоқ. Мен де сыр берген жоқпын. Мен ол кезде 25, ал ол болса 57-де еді. Дегенмен, оның дене бітімі жас жігіттерден кем болмаған.
Керісінше, тартымды, сөзі келіскен, кез келген әйел армандайтын ер-азаматтың бірі. Сондықтан мен де оны ұнатып қалдым.
https://kaz.365info.kz/tegin-zhezokshemin-be-kimmin-ozi-bolgan-okhiga-298183
Бастапқыда менің кім екенімді біліп қояды деп қатты қорықтым. Ол маған ешнәрсе уәде берген жоқ. Сатушы екенімді біліп, бөлек пәтер жалдап, соған айына екі-үш реттен ғана келетін. Бірақ келгенде молынан ақша тастап кететін. Мен оның ықыласына қарап өзгермек болып шештім”, – деген ол шенеунікпен бірге бір жыл бойы шетелде тұрғанын айтады.
“Бір күні ол өзінің іссапармен Мәскеуге кететінін айтты. Бір емес бірнеше айға кетеді екен. Сондықтан мені өзімен бірге алып кетті. Үйіне, отбасына айына үш рет қана келетін. Әйелі де келіп тұрған болуы керек, ол жағын білмедім.
https://kaz.365info.kz/zhezoksheler-ordasy-siyakhty-mektep-khyzdarga-seksti-nege-uagyzdajdy-298442
Бірақ екеумізге бөлек пәтер жалдап, сонда бірге тұрдық. Іссапары біткен соң да ол мені елге алып кетуге асыққан жоқ. Осында келіп тұрды. Оның лауазымы жоғары екенін білетінмін. Бірақ шыны керек, тоқалы болуды осы жолы шын армандадым. Алайда бір жылдан соң бәрі бітті. Ол маған бір көлікке жететін ақша беріп, енді кездесе алмайтынымызды айтты”, – дейді бойжеткен.
Дәл осы оқиғадан соң ол қалталы кісілерге қызмет көрсетуден мүлдем бас тартқан. Дегенмен, әлі де өз адамын таппай, қиналып жүргенін айтады.
https://kaz.365info.kz/elitaly-zhezokshe-khaltaly-zhigitterdin-ozderin-khalaj-khorlajtynyn-ajtyp-berdi-257558