Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Байқоңырға келіңіз!». Отандық ғарыш саласының туристік тартымдылығы артуда

542

Байқоңырды көргісі келетіндердің арасында, әсіресе Батыс елдерінен – Германия, Бельгия, Голландия, Франция, Австрия, Ресей елдерінен келетін туристер көп.

Күні кешек кезекті «Союз ФГ» ғарыш кемесінің ұшырылымына үш жүздей турист келген. Мұның өзі ғарыш саласының туризмнің тартымды бағытына айналғанын дәлелдеп отыр.

Қазақстан билігі еліміздің ғарыш саласының тартымдылығын арттыруда бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырмақшы.

Айта кетер болсақ алдағы уақытта орбитааралық зымырандардың ұшырылымын айлаққа кірмей­-ақ тамашалауға болады. Қазірде бұдан 60-70 шақырым жерден туристік ойын-сауық орталығын салу жобасы қарастырылып жатыр екен.

Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхаммед Сағатбекұлының айтуынша, ғарыш саласына инвестиция құюға әзір кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді.

–  Бұл үлкен жоба жеке инвестиция арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда инвестор іздеу бойынша «Қазақтуризм», туризм комитетімен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Бұл аймақта әлемдік талапқа сай келетін қонақжай, мейрамхана, аквапарк, ғарыш аттракциондары, биллиард, боулинг болады.

Жоспарлы старт болмаған кезде, олар өздері ең жоғары қабатта планетарий болады. Планетарийді құрылғы арқылы қарай беруге болады, – дейді ол.

Ал Байқоңырға келетін туристер ғарыш кемесінің көкке көтерілгенін тамашалау ең ұмытылмас сәттің бірі дейді.

Германиядан келген турист Томас Лерхтің айтуынша, алдағы уақытта ғарыш саласы әлемдік туризмнің төріне шығатын болады.

– Жасырып жабары жоқ, бала кезімнен ғарыш саласына қатты қызықтым. Ғарышкер болғым келді. Алайда бұл арманым орындалған жоқ. Дегенмен ғарыш кемесінің аспанға көтерілген сәтін көрсем ғой деген ниетімнен айныған жоқпын. Осы мақсатта Байқоңырға келдім. Музейді аралап, бай тарихына қанықтым. Қалада ғарыш зымырандарының мен бұрын-соңды көрмеген мүсіндері өте көп екен. Бәрі де ұнап жатыр, – дейді ол.

Елбасы не деп еді?

 

Естеріңізге сала кетсек,

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңырды ең үздік ғарыш айлағы деп атап өткен еді.

Елбасының Байқоңыр туралы айтқанын ҚР Президентінің Телерадиокешені instagram парақшасында жариялаған болатын.

«Байқоңыр — ғарышқа адамдарды ұшыруға арналған ең үздік ғарыш айлағы саналады. Ең бірінші, экватор бойынша барлығы есептелген. Осы жерден ең ауыр жүктер ғарышқа ұшырылады.

Адамның ғарышқа ең жылдам жетуі де осы жерден жүзеге асырылады.

Ауқымды зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осы алаң таңдалды», – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қалай ойлайсыздар, бұл туралы Илон Маск біле ме?», – деп жазылған еді видео жарияланған парақша мәтінінде.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Байқоңыр қаласын дамыту перспективалары мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндап өткен-тұғын.

“Бұл қаланың болашағы өте зор. Қажетті инфрақұрылым дамып келеді. Қала газбен қамтамасыз етіліп, тұрғын-үй кешендері мен әлеуметтік нысандар салынатын болады. Сондай-ақ, жергілікті халықты жұмыспен қамту үшін бірлескен кәсіпорындар құру қажет”, – деген болатын Мемлекет басшысы.

 

«Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы 7 қызықты дерек

Байқоңыр туралы көпшілігіміз бұл арадан ғарыш кемелері көкке көтерілетінін ғана білеміз. Байқоңырдың тарихымен көп жағдайда жете таныс емеспіз. Бұл ретте біз e-history.kz деректеріне сүйене отырып «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты мәліметтердің бір шоғырын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

1. 1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті кеңестік ракеталардың құпиясын сақтау үшін ғарыш айлағы орналасу жерінің екі сызбасын құрастырды.  Жасалған келісім-шарт бойынша Байқоңырды жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады.

2. Байқоңырдан жер шарын алғаш рет айналып шыққан «Восток-1» кемесінің ұшу мерзімі – 108 минут.

3. «Байқоңыр» ғарыш айлағының астанасы – Байқоңыр қаласы. Қала 1955 жылдан бері салына бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды нысандарын салумен бірге жүргізілген.

130-дан астам отандық және шетелдік ғарыш «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға ұшып шықты.

4. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Восток-1» кемесі белгіленген орбита бойынша 28 000 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.

5. 50 жылдың ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан

1500-ден астам әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты, 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета, негізгі ракеталардың 38 түрі, сондай-ақ 80-нен астам ғарыш аппараты және оның модификациялары

ғарышқа ұшырылды.

6. Байқоңырдағы» техниканың механизмдерін тазалау үшін спирт қолданылады, сондықтан да ғарыш айлағына 12 тонна спирт жіберілген. 7 тонна спирт пайдаланылған, ал спирттің қалған бөлігі үшін арнайы шұңқыр қазылды. Оның үстіне құм төселген. Алайда, мұны біліп алған адамдар шұңқырды қазып, ғарыш кешеніндегі «құрғақ» заңды бұзбақшы болыпты… Аз уақыттан кейін тәртіп қайта орнатылды. Шұңқырдағы спиртті өрттеп жіберді.

7. Көптеген адамдар біле бермейді, бірақ 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқан Талғат Мұсабаев «Мир» орбиталық станциясын құтқарды. 2001 жылы Талғат Мұсабаев америкалық турист Денис Титомен бірге (әлемдік біріншілік) ғарышқа ұшты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз