Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Байқоңырда жүктілік мерзімін дұрыс қоймаған дәрігер сотталды

123

Дәрігер жүктіліктің мерзімін дұрыс белгілемеген, – деп хабарлайды Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі.

Іс материалдарына қарағанда, сотталушы жүкті әйелге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету кезінде кәсіби және қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамай, салдарынан жаңа туған сәби қайтыс болған. Сарапшылардың айтуынша, дәрігер жүктіліктің мерзімін дұрыс белгілемеген: 38-39-апта деп көрсеткен.

Байқоңырлық мамандардың қорытындысы бойынша жүктіліктің мерзімі 40-41 апта деп көрсетілген. Ал Қызылордадағы сарапшылардың қорытындысы – 40 апта 3 күн деп белгіленген.

Осыған байланысты сот гинекологты ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігі бойынша (“Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы”) айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің минимал деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтесін деген шешім шығарды.

Сондай-ақ, сотталушы екі жылға акушерлік-гинекологиялық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз