Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Байқоңыр” ғарыш айлағының маңынан ерекше туристік аймақ бой көтермек

111

Қазақстандық ғарыш айлағының туристік әлеуетін дамыту үшін билік “Байқоңыр” ойын-сауық туристік аймағын құру тұжырымының жобасын әзірледі. Мустафаевтың атап өтуінше, жоба Ресейдің мүдделі мемлекеттік органдарымен “Байқоңыр” кешені бойынша V ведомствоаралық комиссияда талқыланған.

“Келешекте, аймақты құру ғарыш туризмі орталығы ретінде қарастырылып отыр, бұл ретте басты міндеттердің бірі “Байқоңыр” кешенінің бар әлеуетін пайдалану барынша пайдалану болып табылады”, — деді басқарма басшысының орынбасары.

Аймақ Байқоңырдың маңында орналасып, оның аумағы 50 гектарды құрайды деп жоспарланып отыр.

Тұжырымға сәйкес, ойын-сауық аймағында туристердің қызметіне сауда орталығы, әлемдік стандарттарға сай қонақ үйлер, мейрамхана, казино, ұлттық сувенирлер дүкендері, этноауыл және ғарыш музейі ұсынылады. Сондай-ақ жаңа телекоммуникациялық байланыспен жабдықталған ойын-сауық ойын залдары, боулинг және бильярд болады.

Әртүрлі техникалық спецэффектілері, зымыранның ұшуын бақылауға арналған Hi-Tech технологиялары мен заманауи құралдары бар ғарыш атракциондарын ерекше атап өтуге болады. Басқа да жаңалықтар ретінде – бассейн, жаттығу залы, сауна, SPA-процедуралар мен аквапаркті атап өткен жөн.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз