Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Байбек Алматыны жемқорлардан, заңсыз сатушылардан тазалайын деп отыр

Қауіпсіздікті жетілдірудің басты міндеті полиция қызметкерлерін қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықтау болды. Осы мақсатта Алматы ІІД бюджеттен 31 млрд теңге бөлді. Осылайша, қызметкерлердің техникалық жабдықтауы 60% -дан 90% -ға дейін өсті. Сонымен қатар қалада полиция бөлімшелері әлі салынып жатыр. Содай-ақ, ІІД мұқтажы үшін 399 қызметтік автокөлік, 3,5 мың радиобайланыс құрылғысы сатып алынды.

«Егер полиция қызметкерлері жеке бақылау камераларын өшіріп тастаса, олар жұмыстан шығарылатын болды. Жыл соңына дейін барлық полиция қызметкерлерін сыбайлас жемқорлықты жою үшін айыппұлдарды электронды түрде тіркеуге арналған планшеттермен қамтамасыз етеміз», – деді ол.

Қала тұрғындарының саны екі есеге көбейгендіктен, ал полиция қызметкерлерінің саны аз болғандықтан, әкім автоматтандырылған бақылау жүйесін дамыту қажеттілігін атап өтті.

«Біз 108 мың камера орнаттық, сол арқылы кадр жетіспеушілігінің орнын толтырамыз. Камералардан 21 мың құқық бұзушылық анықталды. Келесі кезең – бейнебақылаудың автоматтандырылған жүйесіне көшу, оған 15 миллиард теңге бөлінді», – деді ол.

Осылайша, үш жыл ішінде көпшілік жүретін орындар камерамен қамтамасыз етіледі деп уәде берді қала әкімі.

Келесі мәселе – жол қауіпсіздігі. Бүгінгі күні қала жол көлік оқиғалар саны бойынша бірінші орынды иеленеді. Құқық бұзушылықтардың басты себебі – жоғары жылдамдық. Осыған байланысты әкімдік бірнеше орталық көшелерде сағатына 40 км жылдамдықты шектеу туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, 10 көшеде бір жақты қозғалыс енгізілді. Нәтижесінде осы аудандарда жол-көлік оқиғаларының саны 40% -ға азайды.

«Бірақ адамдар жоғары жылдамдықты режимді бұзуды жалғастыруда, біз полициямен бірге жұмыс істеп, оның алыдн аламыз», – деді Байбек.

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің тақырыбын қала әкімі жеке қозғады. Ол ұрланған тауарларды сатып алу мәселесі бірнеше рет көтерілгенін атап өтті. Оның айтуынша, елдің барлық аймағынан адамдар мұнда бір нәрсе сатып алуға немесе сатуға келеді. Алматыда 57 базар жұмыс істейді, сондықтан оларды бақылау үшін қатаң шаралар қолданылуда.

«Күшейтілген рейдтер жүріп жатыр. Базардың қорғаушылары не десе де, біз оларды бақылайтын боламыз, егер қажет болса жауып тастаймыз. Сондай-ақ, 1300-ден астам дүңгіршектер жабылды. Көше-көшелерді, базарларды аралап, тәртіпке келтіретін боламыз, – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық кеңес отырысында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз