Алматыдағы тұрғын үйлердің аулаларында ақылы тұрақтар болмайды.
Бұл туралы қала халқымен кездесуде әкім Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Оның айтуынша, автоматтандырылған автотұрақ қаланың орталық бөлігін автокөліктерден азайтуға және салықтарды ашық түрде алуға мүмкіндік береді.
«Кейбір жүргізушілер көліктерін аулаға қойып, қоқыс жәшіктеріне баратын жолды жауып, төлем жасаудан қашып жүр. Бұл мәселені шешу үшін пәтер иелері кооперативі арқылы тұрғындар аулаларын шлагбауммен қоршап, камералар орнатып, домофон қондырып алсаңыздар болады. Аулаларда ешқандай ақылы тұрақтар болайды», – деді әкім.
Ережелердегі өзгерістер екінші тоқсаннан бастап күшіне енеді.