Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Байқаңыз! “Cақалдылар” қыз түгілі есейген келіншектің де басын айналдыра салады екен

111

Ақтөбе қаласының тұрғыны,

29 жастағы Ақмарал Аймағамбетова осыдан үш жыл бұрын Алматыға барамын деген желеумен үйінен кетіп қалған. Үш баланың анасы сол кеткеннен отбасына қайта оралмады.

Жұбайын күткен Мирболат Жаманқұлов №2 қалалық сотына арыз түсіріп, келіншегін із-түзсіз жоғалды деп тануды сұрады. Оның айтуынша, Ақмарал Аймағамбетова хабарсыз кетіп, кейін өзінің Сирияда жүргенін, жағдайының жақсы екенін айтып, телефон шалған.

«Азаматтық іс бойынша арызданушы Мирболат Жаманқұлов жергілікті, республикалық газетке, ақпараттық порталдарға келіншегі Ақмарал Аймағамбетованың із-түзсіз жоғалғанын айтып, хабар беруі қажет. Қандай да бір ақпарат білетін адамнан үш айда сотқа хабар беруі сұралады», – дейді судья Гауһар Оралбай.

Айта кетейік, заң бойынша арызданушы жұбайы Ақмарал Аймағамбетованың жоғалғаны туралы хабар беруі тиіс. Егер бұл уақытта хабар болмаса, із-түзсіз жоғалды деп танылып, ажырасуға мүмкіндік беріледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз