Ирак астанасы Бағдадта бірнеше лаңкестік әрекет жасалды.
Салдарынан 13 адам ажал құшып, тағы 20-ға жуығы жараланған деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Негізі жергілікті барлау қызметі экстремистердің шабуыл дайындап жатқаны жайлы білген екен. Сол үшін қалада қауіпсіздік шаралары да күшейтілген. Тәртіп сақшылары құжатын тексермек болған жанкешті өзін-өзі жарып жіберген.
Жалпы, осының алдында ғана Ирактың Басра провинциясында екі жанкешті өздерін бақылау-өткізу бекетінің жанында жарып жіберген болатын. Ол кезде 7 адам қаза тауып, тағы 15-сі жарақат алған.