Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бақытжан Ертаев екі вице-министрді неге сынға алғанын түсіндіріп берді

Мамандығы бар, дәрежесі бар, әскери салада бір күн емес, талай жыл қызмет еткен жігіттер, тіпті соғыс көргендер де бар бізде. Солар өз кеңестерін беруі керек. Олар өз кеңестерін беріп қана қоймай, жаңадан шығарылған теxниканы сынай алады», – деді генерал Бақытжан Ертаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, жақында генерал Бақытжан Ертаев пен Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров әскери танктер мен БТР көліктерін шығаратын «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС барған болатын. Алайда ол шараға жаңа министрліктің өкілдері қатыспады.

Сол кезде генерал: “Бүгін мына зауытты көріп жүрміз, бірақ қорғаныс өнеркәсібі саласының мамандарын көріп тұрған жоқпын. Атамқұловтың (Қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұлов – агенттік) министрлігінде болдым. Бірақ, ол жерде де әскери адам жоқ. Екі вице-министр отыр, екеуі де әскери адам емес. Бұл не масқара?! Бұлай болмауы керек. Министрлікте тым болмағанда бір вице-министр әскери адам болғаны міндетті. Әлгі екі вице-министр мына жерге келсе, танк пен БТР-ді ажырата алмайды да», – деп ашуланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз