Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Б.Сапарбаев: Биліктің жұмысы халықтың мұң-мұқтажының шешілуі арқылы бағаланады

Ақтөбе облысында 600-ге жуық коммерциялық емес ұйым тіркелген. Қазіргі уақытта оның бестен бірі, яғни, жүзден астамы ғана белсенді жұмыс істеп тұр. Олар көбіне әлеуметтік мәселелерді шешу жолында еңбектенеді. Бүгін сол белсенді топ «Тәуелсіздік пен әріптестікке 25 жыл» атты форумға қатысты.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты – азаматтық қоғамды дамытып, демократияға бет алу, әр азаматқа ел дамуына үлес қосу үшін мүмкіндік беру. Ақтөбедегі үкіметтік емес ұйымдар әр салада белсенді. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерді шешу, балалар денсаулығын, ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықтың, достықтың сақталуына үлес қосып келеді. Биліктің дамуының көзі – қоғаммен жұмыс істеуі. Билік қоғаммен, қарапайым адамдармен неғұрлым көп кездесіп, үкіметтік емес ұйымдарды қолдаса, жұмысы нәтижелі болады. Билік жұмысының нәтижесін халықтың мұң-мұқтажын шешуі арқылы бағалауына болады. Биыл жұмыстың бәрі Тәуелсіздіктің 25 жылдына орай ұйымдастырылды. Бұл бағытта да өңірдегі үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенділік танытты. Өткен 10 айдың ішінде 4 мыңға жуық шара өтті, оған 200 мыңнан астам адам қатысты», – дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Мемлекет өз міндеттерінің бір бөлігін үкіметтік емес ұйымдарға сеніп тапсырды. Яғни, мүгедектерге жағдай жасау, жастарды тәрбиелеу мен қылмыстың алдын алу жұмыстарын коммерциялық емес ұйымдар өз міндетіне алды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, ақпараттық насихат жұмыстары да мемлекеттік тапсырыспен орындалады. Бұл мақсатқа биыл 216 миллион теңге жұмсалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есеге көп қаржы.

«Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатынасы ұлттық диалог аясында тең әріптестік принциптеріне сәйкес құрылған. Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері 25 консультативтік-кеңесші органдарының, жергілікті атқарушы органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің құрамына кіріп, маңызды мәселелердің шешілуіне белсенді араласады. Биыл жүргізілген әлеуметтік зерттеу жұмыстарының нәтижелері үкіметтік емес ұйымдар айналысатын мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік сипатқа ие екендігін көрсетті», – дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиев.

Статистикалық мәліметтерге сенсек, облыс тұрғындарының тең жартысына жуығы үкіметтік емес ұйым қызметін пайдаланған екен. Бұл өңірдегі азаматтық институттардың жақсы дамығанын көрсетеді.

saparbaev

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз