Сейсенбі, 18 қазан күні үкімет отырысынан кейін қазақстандық журналистердің бәрі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын аңдумен болды, деп жазады Ratel.kz.
Бұрын көп сөйлейтін министр енді журналистерді көргенде қашатын болып кетіпті. Қашып бара жатып қайта-қайта
«Без комментариев, я же сказал, что без комментариев» дейді екен.
Үкімет отырысы кезінде де Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қараған камералардан қатты қысылып, кірерге тесік таппапты. Қайта-қайта жүзін жауып, көзін қалқалай беретін әдет шығарыпты.
Арыстанбек қашып бара жатқанда журналистер жамырап:
– Сіз әлгі «маған артылмақ болды», «пара алды» деген қыздарды сотқа берем деп едіңіз, енді неге сотқа бермей жүрсіз, деп сұраған.
– Без комментариев, – деп міңгірледі портфелін қойнына қысып, кетуге қатты асыққан министр тағы да.