Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Бұл менің балам!”. Алматыда туған ана мен баққан ана сәбиге таласып жатыр (видео)

101

Гүлжан Қилыбаева:

-Бұл менің балам! Асыранды бала емес бұл! Бұл мен өз балам үшін күресем аяғына дейін. Мен қанша рет сот орындаушылардан қашып кеттім баланы көтеріп. Олардың да адамгершіліктері жоқ екен. Заң күшіне енсін! Түсінбейді! Баламен қашып жүрмін қазір шыны керек!

Сот та сол әйелді қолдап, бала қайтарылсын деп шешіпті. Тек ол үшін асыраған ата-ананы құқығынан айыру керек екен. Ол жөнінде сот отырысы төрт аптадан кейін басталмақ. Жатырын жарып шықпаса да, балаға бауыр басып қалған анаға тіпті басқа бала асырап алуды да ұсыныпты. Алайда Гүлжан өзі атын азан шақырып қойған ұлынан айырылғысы жоқ.

Гүлжан Қилыбаева:

-Маған айтады басқа баланы ала салсайшы дейді? Қалай аласың? Бұл тірі адам ғой? Қалай тастай саласың? Күшік емес бұл тастай салатын. Бір рет тастап кетті, біз тастасақ бұл бала не болады қайтадан? Балапанымызды бізден тартып алмаса екен деймін.

Гүлжанның айтуынша, кішкентай Сейділда тастап кеткен шешесін күтіп перзентханада екі ай жатыпты. Одан қалды, қамқоршылық мекемесіндегілер әйелге тағы да мүмкіндік беріп, оны 3 ай бөбектер үйінде ешкімге бермеген екен. Бірақ кіндігі оралып, әрі миына қан кетіп туылған сәбиді іздеп сол күйі ешкім келмеген.

-Мынау кім?

-Әке!

-Ал мынау кім?

-Мама!

Асырап алған отбасының оны емдетпеген жері жоқ. Сырқатынан айыққан Сейділда қазір ата-анасының қасында асыр салып ойнап жүр.

Бақыт Меңлібаев:

-Ойымыз «осы баланы алып қоймаса екен, алып қоймаса екен». Сот болып жатыр, соттан сот, соттан сот. Әр әке, әр шеше қалай сезінеді өзін мұндай жағдайда?

Баланы туа сала кезінде тастап кеткен шешесі қазір оның тұрып жатқан үйіне дейін біліп алған. Күнара осында туыстарымен келіп, жанжал шығаратын көрінеді. Сондай соңғы жағдайлардың бірі тіпті төбелеске ұласа жаздапты. Салдарынан сәби шошынып қалған. тумаса да баланы туғанындай тәрбиелеп, енді одан айырылғалы жатқан ата-анасы бар үмітін енді апелляциялық сотқа артып отыр.

Дереккөз: ktk.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз