Атышулы Баян Есентаева бастан кешкенін баяндайтын кітап жазғалы жатыр.
Бұл туралы ол инстаграмдағы парақшасында айтты.
“Ол кездері мен өзімді не күтіп тұрғанын білгем жоқ. Аңғал, аңқау едім. Кіршіксіз таза Баян болатынмын. Ал қазір кіммін? Мен неден өттім, нені бастан кештім, не ойлаймын өзі? Осы туралы сіздермен ойымды бөлісетін боламын. Жақында кітабым шығады. Үлгеріп қалыңыздар” деп жазыпты Есентаева.