Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бұл қалай? Еліміздегі 352 көше әлі күнге дейін Ленин атымен аталады

199

Ал Алматы мен Астанада және өзге де өңірлерде ескірген атаулар жаңартылуда. Мысалы, Қостанайдың Таран атындағы орталық көшесі Тәуелсіздік болып өзгерсе, Солтүстік Қазақстан облысында да елді мекендердегі ескірген атаулар жаңартылды.

СҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Ернияз Сұлтанов өңірде елді мекен атауларын қазақшалау жоспарлы түрде жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

«Сергиевка қаласындағы бір көшеге Сәкен Сейфулиннің, ал Явленко көшесіне Боранбай Әбішевтің есімі берілді. Қостанай облысындағы Талшық ауылындағы көшеге э.ғ.д. Кеңес Қажымардың есімін бердік», – дейді ол.

Алайда бұл жүргізіліп жатқан шаралар теңізге тамған тамшыдай ғана.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ономастикалық базасында елді мекен, кітапхана, мектеп пен мәдениет үйі секілді нысандарды айтпағанда, елімізде Ленин атындағы 352, Октябрь атындағы 275 көше бар болса, Советский атындағы 267 көше тіркелген. Мұндай көше атаулары көп ретте Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жиі кездеседі.

Ресми мәлімет бойынша,

Қостанай қаласының тек 15, Петропавл қаласының 12, Шығыс Қазақстан облысы көшелерінің 18 пайызы ғана қазақшаланған.

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің бас сарапшысы Елерке Төрехан атауларды қазақшалауға кедергі болған негізгі себептерге тоқталды.

«Біріншіден, елімізде 7 жыл көлемінде мораторий болды. Екіншіден, елді мекенде көшенің атауын ауыстыру үшін ең алдымен бір ай бұрын көше атауының өзгеретіндігін халыққа жариялайды. Олар белгілі бір жерге жиналады. Сол кезде дауыс беру хаттамасы толтырылып, қол қойылады. Осы жерде көптеген азаматтар қарсылық білдіреді. Соның салдарынан көптеген көше атаулары ауыстырылмай қалады», – дейді сарапшы.

Атап айтарлығы,

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл, Атырау мен Маңғыстау облыстарында кеңестік дәуір мен оның көсемінің атымен аталатын көшелер мүлдем жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз