Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бүкіләлемдік мұнай одағы «ЕХРО-2017» көрмесіне қатысады

Халықаралық мұнай одағы – 1933 жылы Лондонда құрылған қоғамдық ұйым. Оған әлемнің 69 елі мүше. Бұл мемлекеттер мұнай мен газ өндіретін және пайдаланатын елдердің 95 пайызын құрайды.

Ұйымға Қазақстанның атынан 2008 жылдан бастап Kazenergy қауымдастығы мүшелік етеді. Кездесуде «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаев одақ мүшелеріне халықаралық көрмеге дайындық жайын баяндады. Қоғамдық ұйым мүшелері өз кезегінде көрмеге көмірсутек тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми-техникалық инновацияларын алып келетінін мәлімдеді.

Ульрике Фон Лонски, БМО байланыстар жөніндегі директоры:

– Біз Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу туралы жоспарына тәнті болып отырмыз. Байқауымызша, бұл өте ауқымды және қызықты шара болайын деп тұр. Сондай-ақ біз көрмеге қатысып қана қоймай, көрген-білгенімізді, үйренгенімізді бүкіл әлемнің дамуына пайдаланғымыз келеді. Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап арнайы келісімге қол қойды.

Рәпіл Жошыбаевтың айтуынша, мұнай одағы ең мазмұнды павильон авторларының бірі болады.

Рәпіл Жошыбаев, EXPO-2017 халықаралық көрмесінің комиссары:

– Біз бүгін Бүкіләлемдік мұнай одағымен олардың көрмеге қатысуы туралы келісімге қол қойдық. Одақ қандай шаралар өткізетіндігі туралы айтып берді. Олар халықаралық шараға үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Көрме кезінде Мұнай одағы энергетика саласындағы жобаларын таныстырады.

Бүгінгі таңда әлем елдерін «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақыру жұмыстары аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде 105 мемлекет халықаралық шараға қатысатындарын растап, ресми келісімдерін беріп қойды. Ал олардың 5-еуі өз павильондарының құрылысына кірісіп те кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз