Бүгін, қыркүйектің 15-і Астана уақытымен кешкі сағат 23:00-де қазақстандық «Астана» футбол клубы УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Қарсылас — Кипрдің «Апоэл» командасы.
Ойын Кипр республикасының астанасы — Никосия қаласында өтеді.
Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойынның тікелей трансляциясын қазақстандық «Оң-тв» телеарнасынан тамашалай алады.