1-маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, шығыста бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың солтүстік-батысында жауын-шашынсыз болады.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай кезінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі бар.