Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Куәгерлер редакцияға Алматы-Қапшағай тасжолындағы ірі жол апаты түсірілген видеоны жолдаған.
Куәгердің мәліметінше, жол апаты Алматыдан 7 шақырым жерде, Өтеген батыр ауылының маңында болған.
“Мен өтіп бара жатқанмын, сағат шамамен күндізгі – 10.00. Оқиға орнында соқтығысқан 5-6 көлік тұрды. Оны көру үшін тоқтап жатқандар көп болды”, – дейді куәгер. Оның пайымдауынша, жол апаты көктайғақтан болған
https://www.youtube.com/watch?v=wDTSyW7PoZM