Алғашқы сайыс хоккейшілер арасында өтеді. 28-қаңтарда Ұлыбритания, Қазақстан, Канада, Қытай, Словакия, Латвия мен Жапонияның хоккейшілері медальға таласады.

Ерлер командасы Халық Аренада, ал әйелдер – Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында бақ сынайды.
16:00 – Жапония – Латвия, топтық кезең.
19:30 – Қазақстан – Қытай, топтық кезең.
Шайбалы хоккей – әйелдер 16:30 – Канада – Қытай, топтық кезең.
20:00 – Қазақстан – Ұлыбритания, топтық кезең.
Айта кетейік, «Халық Аренадағы» билеттің құны 500-700 теңгені, ал Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында билеттің бағасы – 300-500 теңгені құрайды. Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Универсиаданың ашылу салтанаты ертең – 29 қаңтар күні өтеді.