“Таза сенбілік” шарасына облыс көлемінің барлық жұмыс орындарының қызметкерлері жұмылдырылады.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Құрметті Алматы облысының тұрғындары! Санитарлық тазарту, абаттандыру мен көгалдандыру күзгі қосайлығының басталуына орай 2016 жылғы 8 қазанда облыс көлемінде “Таза сенбілік” өткізіледі. Баршаңызды қоршаған ортаның тазалығына, туған өлкемізді көгалдандыруға бір кісідей атсалысуға шақырамыз!”, делінген хабарламада.