БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасының баспасөз хатшысы Йенс Лэрке Женевада Алеппо мәселесі туралы баспасөз мәслихатын өткізіп, су және электр жүйесі әбден бұзылған сириялық қаланың қазіргі жағдайы аса мүшкіл екенін хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, осы аптада Алепподағы азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуыл салдарынан қаланың су және электр қуаты жүйесі қатты зақымданып, екі миллиондай тұрғын жарықсыз, сусыз қалды.
“Құдықтар мен қоймалардағы су халықтың сұранысына жетпейді. Бұл жүйе тез арада қалпына келтірілмесе, оның салдары миллиондаған адамға қиын тиеді”, – деді БҰҰ өкілі.
БҰҰ Алеппода гуманитарлық тыныштық жариялауға шақырды.