Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Азық-түлік жәрмеңкесіне Алматы облысының 360 тонна өнімі саудаға шығарылды

Атап айтқанда, 63,5 тонна ет, 9,6 тонна балық, 12,5 тонна сүт пен сүт өнімдері, 62,4 тонна картоп, 86,7 тонна көкөніс, 36 тонна жеміс-жидек, сол сияқты күріш, жұмыртқа, қант, бал, шұбат, қымыз және басқа да тағамдар сауда сөрелерінен орын алды. Барлығы 180 млн теңгеге азық-түліктің 50-ге тарта түрі жәрмеңкеге шығарылды.

Жалпы, жәрмеңке Алматы қаласы маңында азық-түлік белдеуін дамыту мақсатында, сондай-ақ бағаны тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Қала тұрғындары тағамдардың жоғары сапалылығы мен нарық бағасынан төмен саудаланған құнына ризашылықтарын білдірді.

Жәрмеңкеде облыс өнерпаздарының концерті ұсынылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз