Қазақстандық конькиші Денис Кузин сейсенбі күні Саппородағы Азиадада 1000 метрлік жарыста екінші орынды иеленді.
Ерлер арасындағы бір шақырымдық аламан додада жапондық Такуро Ода мәреге бірінші болып жетсе, үшінші орынды Күншығыс елінің тағы бір спортшысы Шунсуке Накамура алды.
Жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы Корея Республикасы командасын ІІ-орынға ығыстырып, көш бастады. ІІІ-орында үш алтын, үш күміс және үш қола иеленген ҚХР тұр.
Ал Қазақстан азиялық алпауыт елдерден кейін төртінші болып келеді.