Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Наталья Ильина гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасына жеңіс әкелді

Қытайлармен өткен ойында ысқырық шалынғанға дейін екі секунд қалғанда Наталья Ильина (Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің бұрынғы жары) гол салып кетті. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен екінші орында келеді, бірінші орында – Оңтүстік Корея құрамасы (қосымша көрсеткіштер бойынша).

Ары қарай Қытай, КХДР және Үндістан – олар әзірге ұпай жинаған жоқ. Жартылай финалға шығу үшін бірінші не екінші орынды алу керек. Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002 және 2006 жылы Азиада ойындарында күміс медаль, ал 2014 жылы қола медальды иеленген.

Илья мен Наталья Ильиндер 12 жыл бірге тұрған. Спортшылар 2017 жылы айырылысып кетті. Олардың ортақ қызы бар. Наталья – талай мәрте гандболдан Қазақстан чемпионы атанған. Екі рет әлем біріншілігіне қатысты.

https://youtu.be/IL_QuTlsoow

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз