Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Азаматтық қорғаныс сабақтары: Төтеншеліктер Кербұлақ ауданында болып қайтты

221

Облыс әкімі азаматтық қорғаныс бастығымен 2016 жылдың 29-желтоқсанында бекітілген Азаматтық қорғаныс басқармасының 2017 жылға арналған жинақтау жоспарына сәйкес, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Азаматтық қорғаныс бойынша жылжымалы оқу-сабақтарын жүргізу бойынша үстіміздегі жылдың қараша айының 6-ы мен 8-і аралығында Кербұлақ ауданында жылжымалы тәсілмен кезекті сабақтарды өткізді.

Сабақтар Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңының 46-бабының талаптарына сәйкес өткізілді. Яғни, 15 санаттағы тыңдаушылар толығымен қамтылды, барлығы – 151 адам оқытылды.

Сабақтардың басты мақсаты – тыңдаушыларға азаматтық қорғау мәселелері бойынша теориялық білімдер беру, әр түрлі денгейдегі төтенше жағдайларда дұрыс және жедел іс-әрекеттерді жасауды үйрету.

Сабақтар өткізу барысында басшылардың, қызметкерледің, оқушылардың Азаматтық қорғаныс құрамдарының жеке құрамы төтенше жағдайлар болған кездегі іс-әрекеттерін тексеру мақсатында Сарыөзек ауылындағы МКК «Ай-Сана» бөбекжай бала-бақшасы, МКК «Ақтиын» бөбекжай бала-бақшасы, «Сарыөзек аудандық электр жүйесі» АҚ, «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы» МКК, «Қонаев» атындағы орта мектеп МКК мен «Күреңбел» атындағы қазақ орта мектебі МКК-да жұмысшыларымен жер сілкіністері мен авариялық апаттарға қарсы машықтанулар өткізілді.

Аудан және қала, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері-азаматтық қорғаныс бастықтары, қалалық және аудандық азаматтық қорғау қызметттерінің, оқу орындарының және мектепке дейінгі мекемелердің басшылары адамдарды халықты және аумақты апаттардан және зілзалалардан қорғауға, төтенше жағдайлардан алдын алуға және зардаптарын жоюға оқытуды жетілдіруі қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз