Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақтандық ару өзге елдің сектасына кіріп, туыстарын “мәйітжегіш” деп айыптаған

122

«Ол басында сендер тек жеміс жеңдер. Сендер мәйітжегішсіңдер. Ондай адамдар менің анам мен ағам бола алмайды деп жазды», – дейді анасы.

Алла Тимошенко әлеуметтік желіде Андрейдің Солнцеслав Огненный ал, Диананы Иванийчуктың Зоряной Солнцевой деген атпен тіркелгенін, олардың «Мәйіт жеуге қарсы секта» жабық тобында екенін білген.

«Зорянаға моральді түрде соққы беріп жатыр. Оны ақымақ қыз секілді көрсетіп, сектаға кіріп кетті деп жатыр. Ол бұл ағымның ұйымдастырушысы», – дейді Солнцеслав Огненный.

Солнцеслав пен Зоряна ет жемейтіндерге қарсылық танытушылар. Алайда, оларды вегетариандармен шатастыруға болмайды. Олар ет жеуден бас тарта отырып, есірткі шегуге, жұмыс істемеуге шақырады. Алайда, Тимошенко қызының бұлай ойлайтынына сенбейді. Ол қызының бұрын ет жегенін, есірткіге мүлде жоламағанын айтады.

«Оның байланыс нөмірі барлығы тұр. Неге қылмстық іс қозғамайды. Қалайша оны ұстай алмайтынын таңым бар», – дейді анасы.

«Біздің құқық қорғау органдары мұндай ақпаратты алған жоқ. Егер Алла Тимошенко жарамды дәлелдер келтірер болса, Украина елінің құқық қорғау органдарына жүгіне алады», – дейді облыстық ІІД –нің баспасөз хатшысы Гүлнұр Пинчук.

Алайда, қыздың анасы Андрейді қайдан іздерін білмейді. Ол бұрындары қызы Дианаға  өзге адамның суреттерін жібергені белгілі болған. Оның курстастары мен достарына да адам шошырлық хабарламалар келген екен. Онда өз ағымына қосылып, жұмыстарын тастап есірткі қолдануға шақырған.

Bezymyannyy-90

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз