Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш бард әнші, ақын, композитор Табылды Досымовтың туған күні. Өнер майталманының бүгін көзі тірі болғанда 51 жасқа келер еді.
Табылды Досымов 1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысының Индербор кентінде дүниеге келген. Жалған дүние, Биіктік, Мен қазақпын, Ұнатамын мен сені сынды ақын өлеңдері, қазіргі тілмен айтқанда хит ән болып саналады.