Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанның өз “Диснейлэнді” болады

Көлікпен екі сағаттың ішінде Диснейлэндке жетіп, қыдырыстап қайту кім-кімге де керемет болатын еді. Мәселен, Парижден Диснейлэндке жету үшін 4 сағат кетеді. Жоба біздің азаматтарымызға арналған. Дегенмен, Үрімші жағында да мұндай ауқымдағы көңіл көтеретін демалыс орталықтары жоқ екенін ескеру керек. Олар да осыған мүдделі болып, келушілер санын арттырады, – деді Қахарман Жазин.

Оның айтуынша, «Қорғас» ХШЫО-ның қазақстандық бөлігінде көңіл көтеруге арналған бірқатар инвестициялық нысандар салу жоспарланған. Мұнда жалпы инвестиция көлемі 150 миллион долларды құрайтын үш және бес жұлдызды отельдер, ауқымды сауда-ойын сауық орталықтарын қамтыған кешен салынады.

«Қолөнершілер қаласы» атты қызықты жобаның құрылыс жұмыстары 50 пайызға атқарылған. Онда қолөнер шеберлері ұлттық кәдесыйлар жасаумен айналысатын болады. Біздің ойымызша, 2017-2018 жылдары көптеген нысандар пайдалануға беріледі», – деді Қахарман Жазин.

Айта кетейік, «Қорғас» Халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығы Алматы облысы Панфилов ауданының Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан. Орталықты құру арқылы екі елдің және үшінші елдердің азаматтарына іскерлік кездесулер, Қазақстан мен Қытайда шығарылатын өнеркәсіптік өндіріспен танысу мүмкіндіктері, сондай-ақ сауда келісімшарттарын жасасу үшін визасыз территория қалыптастыру көзделеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз