Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанның мектеп оқушысы Грузиядағы ән байқауында бас жүлдеге ие болды

Түрлі елдің мәдениетін насихаттап, шығармашылықты дамытуды мақсат еткен фестиваль қорытындысында бас жүлдені Қазанғап атындағы музыкалық колледждің студенті Ақбота Құснадин иеленді.

Ал сырдариялық Мақаш Қасиет, қалалық №1 мектеп-гимназияның оқушысы Дінислам Бақытбек, №189 орта мектептің оқушысы Арслан Толыбеков пен №7 мектеп оқушысы Бақдәулет Исабеков І-орынмен марапатталды. №2 Мұрагер мектебінің оқушысы Ділназ Төлеген мен Зульфия Айтбай 14-15 жас аралығында өнер көрсетіп, әділқазылар шешімімен ІІ-орынға жайғасты.

Айта кету керек, балғындарды фестивальға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қаракөз Ақдәулетова дайындаған және олар өнер додаларында үнемі биіктен көрініп келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз