Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстаннан Ресейге ірі көлемде темір-терсек алып өтпек болғандар ұсталды

155

Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары «КамАЗ» жүк көлігімен 19 тонна металды заңсыз жолмен шекара асырмақ болған 33 жастағы Қазақстан азаматын ұстауға мәжбүр болды.

Сол секілді Петропавл шекара отрядына қарасты «Жаңажол» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары тіркемесі бар «МАЗ» жүк көлігімен 17 тонна металды өткізуге тырысқан 50 жастағы қазақстандықты ұстады.

Ұсталғандардың барлығы Қазақстаннан көршілес Ресей еліне қарай жол тартып барады екен. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз