Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
8
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Қазақстандық ауыр атлеттердің допингке қатысты дауы әлі дәлелсіз күйде қалып отыр

Осыған қатысты ҚР ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин өз пікірін білдірді.

– Бейжің мен Лондондағы допинг сынамаларды қайта тексеруден өткізгендегі қорытынды бойынша үш немесе одан көп дәлелді факт тіркелген елдерді жарысқа қатысу құқығынан айыру шешімі шығарылады. Осы жылғы маусымда өткен Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы барысында мұндай шешім қабылданды. Алайда бұл шешім заңды күшіне енген жоқ.

Сондықтан заңды тұрғыдан алғанда жағдай бұрынғы қалпын сақтап тұр. Қайтадан тексеру болады деп күтіліп отыр. Осы кезеңге іліккен елдер мен спортшылар саны артуда. Бұл ретте бүгінде бұдан бұрын сынамалары оң нәтиже көрсетті деген біздің атлеттеріміздің кінәсі әлі дәлелденген жоқ, осыған орай жарыстан айыру құқығы ешкімге қолданылмайды. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Жұртшылыққа әр заңды қадамды БАҚ арқылы жеткізіп отырамыз, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз