Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстандағы балалар колониясы Білім министрлігі қарамағына өтуі мүмкін

420

Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

“ҚР Ішкі істер министрлігіне қарайтын балалар колониясы біреу ғана. Оны Білім министрлігі бақылауына беру туралы ойланатын кез келген сияқты. Өйткені түрменің аты түрме. Ересек сотталғандармен жұмыс істейтін адам ертең балалармен жұмыс істейді. Немесе керісінше болып жатады. Бұл – дұрыс емес”, — деді Бекетаев жұма күні отырыста.

Ал Білім министрлігінің көзқарасы мүлде бөлек.

“Бұл мектепті ҚР Білім және ғылым министрлігі қарамағына беру туралы мәселе бірнеше мәрте үкімет деңгейде қарастырылған. Дегенмен әр кез ол мектеп ішкі істер министрлігі құрамында қалдырылып, осындай шешімдерге жүгінді. Көбіне ол жерде аса ауыр қылмыс жасаған балалар барын ескеру, сондықтан бақылауды жеңілдетуге болмайды деген пікір жеңді. Өкінішке орай, бұл мектептің оқушыларын девиантты мінез-құлықты арнайы мектептерге беру мүмкін емес”, — деді ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет бастығы Забира Оразалиева брифингте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз