Қазақстанда демалыс күндеріндегі өзгеріс туралы мәлімет алғаш рет алдын ала жарияланып отыр. Мұндай мағлұматты қамтитын қаулы жобасын Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі.
Жобада “2017 жылдың сенбі күнгі 18 наурыздағы демалысты 20 наурызға, ал сенбі күнгі 2017 жылдың 1 шілдесіндегі демалысты 7 шілдеге шегеріледі” деп көрсетіледі.
Бұл өзгерістер Қазақстан халқының жұмыс уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік береді деп атап өтіледі құжатта.
«Жобаны қабылдауда әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық жағынан теріс әсер болмайды, ол қаржылық шығынды қажет етпейді» делінеді ҚР Үкіметінің қаулы жобасында.
Бұған дейін Үкімет демалыс күндеріне қатысты өзгерісті мейрамға бірнеше күн қалғанда жариялайтынын еске сала кетелік.