Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Қазақстанда туған кикбоксшыны Германияда атып, өлтіріп кетті

Болған оқиғаның анық-қанығы мен себептері анықталуда. Бірақ, тергеушілердің пікірінше, бұл қылмыс Битигхайм-Биссинген қаласынан шыққан 37 жастағы кикбоксшының өлімімен байланысты болуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, Мұсалаевтың орыс мафиясына қатысы болуы ықтимал. Бірақ бұл мәліметті растайтын ешқандай дәлел жоқ. Сонымен қатар, оқ атқан адамның сыбайластары болғандығы айтылды. Мұсалаевты тұрып жатқан үйі маңында тапанша немесе револьвермен атып кеткен.

Тергеу ісі бойынша, шабуыл жасағандар боксшыны білуі мүмкін. Мұсалаев кикбокс бойынша өткізген 17 жекпе-жекте жеңіске жеткен, ал аралас жекпе-жекте 15 рет қарсыласын ұтқан. 2013 жылдан бері Германияға қоныс аударыпты. Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановтың жарлығымен Қазандағы Универсиада-2013 ресми елшісі болып тағайындалған. Мұса Мұсалаев 1979 жылы 3 сәуірде Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз