Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қазақстанда өткен заңсыз митингтер нені көрсетті?

Сонымен бірге, заңсыз шерулерге қатысу ниетін ашық және тура жария еткен барлық адамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осыған қарамастан, жекелеген тұлғалар митингтер туралы заңнаманы елемей, адамдарды заңсыз шерулерге қатысуға итермелеп, арандатуға тырысты. Олардың түпкі мақсаттары – бейбіт шерулер немесе жер кодексін өзгерту емес, қоғамдық саяси ахуалды шиеленістіру, ұлтаралық алауыздықты қоздыру және билікті басып алу. Олар жаппай тәртіпсіздіктердің бүлікке, озбырлыққа, тонауға, тіпті адам шығынына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін жақсы біледі. Ондай оқиғалардың салдары қандай боларына Ливия, Сирия, Египет және бірқатар бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер айқын мысал бола алады.

Бүгінде құқық қорғау органдары бірқатар қылмыстық істерді тергеуде. Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру үшін сан түрлі тәсілдер пайдаланылды.

Қызылорда қаласында тәртіп сақшыларына тас лақтырып, оларды күш қолдануға итермелеу әрекеттері жасалды. Сосын, әлеуметтік желілерде тәртіп сақшылары өлтірді деп, ер адамның мәйітінің суреті таратылды. Шын мәнінде, бұл Қытайда болған оқиғадан түсірілген сурет болатын. Бұл ақпараттардың жалғандығы уақтылы әшкереленді.

Шығыс Қазақстан облысында полицияның назарын облыс орталығынан басқа жаққа аударып, Өскемен қаласында тәртіпсіздіктер ұйымдастыруды жеңілдету үшін бірқатар аудан орталықтарында алдын-ала шерулер ұйымдастыру жоспарланған.

Орал мен Атырауда бейбіт шеруді желеу ете отырып билікке күш қолдану, оның ішінде қару қолдану арқылы қарсы шығуға дайындықтар жасалған.

Арандатушылардың әрекеттері өзара келісілген сипатта болғаны туралы мәліметтер бар.

Алматыда жүргізілген жедел шаралар барысында қалада жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалған бірқатар тұлғалар ұсталды. Онда қару-жарақ, оқ-дәрі, білтемірлер, «Молотов коктейлі» деп аталатын жанармайлар құйылған шөлмектер жасырылған қоймалар табылды.

Мұның бәрі Президент мораторий жариялаған және жер заңнамасына қатысты ұсыныс енгізгісі келетін бүкіл азаматтар жұмысына қатысып жатқан Комиссия мен барлық өңірлердегі Қоғамдық Кеңестердің жұмысы басталған кезде болды.

Мемлекет тарапынан жер кодексіне байланысты өркениетті диалогқа және барша пікірлердің ескерілуіне барлық жағдай жасалды.

Осылайша, түрлі өңірлерінде болған заңсыз акциялардың бәрі бір қолдан шыққандай әсер қалдырады.

Аталған қылмыстық істердің аясында осы құқыққа қайшы әрекеттердің заңсыз қаржыландырылуы зерттелуде, олардың қаржы көздері туралы ақпараттар тексерілуде. Тергеу нәтижесі бойынша, арандатуға қатысы бар адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Тергеу амалдары толыққанды болуы үшін бұл фактілерге қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары жайлы егжей-тегжейлі айтылмайды. Алдағы уақытта Бас Прокуратура тергеу шараларының барысы туралы тұрақты түрде ақпарат беріп отыратын болады.

12выыввв

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз