Бүгін нөсер жаңбырға байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстарының өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Алматы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
«Бүгін, 16 мамырда нөсер жаңбырға байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстарының өзендерінде су тасқыны болуы ықтимал»,
– делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, таяу күндері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстарында нөсер жаңбыр жауады. Осыған байланысты үш өңірдің өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін.