Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

Қазақстанда әйелдердің жұмыс күнін екі есе қысқарту ұсынылды

Бұл ретте, ол қысқартылған жұмыс күні қарастырылған мамандықтардың тізімі туралы министрдің бұйрығы барын атап өтті. Бірақ олар жыныстық ерекшеліктер бойынша бөлінбеген.

Еске салайық, мұндай ұсынысты Қазақстан коммунистік халық партиясының Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Марат Әубәкіров жасаған болатын.

Ол медицина, білім беру салаларындағы әйелдер қосымша жұмыс көп алатынын айтады. Өйткені оның пікірінше, бұл салаларда жалақы төмен.

«Сондықтан, әйелдер ақша табу үшін көбірек жұмыс істеуге мәжбүр. Оларда балалардың, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне уақыт қалмайды. Кейбір бастамашылар әйелдер түстен кейін балалар тәрбиесімен айналысу үшін, оларға түске дейінгі жұмыс күнін ұсыну туралы айтуда. Мүмкін оны қарастыруға болатын шығар», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз