Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстанда iPhone 7 смартфондарының ресми бағасы белгілі болды

“Қазанның 7-нен 13-не дейін дүкендерде алдын ала тапсырыс беруге болады. Ал 14 қазаннан бастап телефондар дүкендерге жеткізіледі”, – деп хабарлады ASBIS компаниясының өкілдері.

“Бүгіннен бастап біз iPhone7 смартфондарының ресми моделіне алдын ала тапсырыстарды қабылдап жатырмыз. Ол смартфондарды бірден сатып алуға немесе келісімшарт жасасып алуға болады. Жаңа смартфондар шамамен 14 қазанда Kcell Center мен Kcell Store желілерінде сатылымға шығады. Сыйымдылығы 32 гигабайт iPhone7 смартфонын 310 990 теңгеге сатып алуға болса, келісімшарт жасасу арқыды 20 000 теңге көлемінде алдын ала төлем жасап, айына 18 000 теңге төлеп отыруға болады. Ал сыйымдылығы 128 гигабайт iPhone7 смартфонының бағасы – 359 990 теңге. Келісімшарт жасасқан жағдайда 36 500 теңге көлемінде алдын ала төлем жасай отырып, ай сайын 20 000 теңге төлеу міндеттеледі. Ай сайын төленетін қаражаттың саны мен қызмет көрсету пакетінің көлемі келісімшарттың қанша уақытқа жасалғанына байланысты”, – деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, осыған дейін де Қазақстанда iPhone 7 смартфондарының бағасы қандай болатыны айтылған болатын. Телефон таныстырылымынан кейін алғашқы күндері-ақ iPhone 7 смартфондары 600 мың теңгеден бастап 750 мың теңге аралығында сатылған еді. Алайда қазіргі уақытта жаңа смартфондардың бағасы төмендеді.

Айта кетейік, Apple компаниясы 7 қыркүйекте iPhone смартфондарының жаңа нұсқаларын таныстырған болатын. Жаңа құрылғылардың таныстырылымы Сан-Францискода өтті. Apple басшысы Тим Кук екі жаңа модель жайлы айтып берді. Сонымен қатар, Apple Watch сағаттарының жаңа нұсқасы таныстырылды. Оның екіядролық процессоры бар, экраны жарқын және GPS орнатылған.

 

iphone_7_start_0

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз