Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанда балалар шағым түсіре алатын тегін байланыс желісі іске қосылды

Байланыс орталығы күні-түні жұмыс істейді. Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның айтуынша, бірде-бір баланың арыз-шағымы назардан тыс қалмайды.

“Қарашаның 20-сынан бастап желтоқсанның 1-іне дейін байланыс орталығы тесттік режимде жұмыс істейді. Оған xабарласқан баланың есімі құпияда сақталады. Біз болсақ, тиісті шараларды қолға алатын боламыз. Сондықтан барлықтарыңыз дайын болыңыздар. Бірақ ол шаралар Еуропада сияқты болады, баланы алып кетеді де, бәріне айыппұл салады деп, байбалам салудың қажеті жоқ. Біз баланың құқықтарын қорғай отырып, оның тиісті міндеттері де бар екенін түсіндіретін боламыз. 18 жасқа оның толыққанды құқықтарымен бірге толыққанды міндеттері де болатынын жеткізуіміз керек”, – дейді Зағипа Балиева.

Оның айтуынша, байланыс орталығында жұмыс істейтін псиxологтар мен операторлар арнайы дайындықтан өткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз