Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда арақ-шарап қымбаттағалы жатыр

166

Ол бойынша, арақ-шарап өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі құны 2017 жылы бір литріне 1 700 теңге деп белгіленген. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің xабарлауынша, бұл шаралар алкоголь өнімдерін тұтыну деңгейін төмендету мақсатында қолға алынып отыр. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң бойынша, алкогольдік өнімнің 1 литрі үшін:

2017 жылы – 2 000 теңге,
2018 жылы – 2 275 тенге,
2019 жылы – 2 550 теңгеге дейінгі акциздік мөлшерлемені белгілеу көзделген.

2016 жылмен салыстырғанда, өсім – 85 пайызды құрайды.

Ал, сыра және сыра сусындарының 1 литрі үшін 2017 жылы 39 теңге, 2019 жылы 57 теңгеге дейін өсіру көзделген.

«Қазақстанда сыра акцизінің литріне 26 теңге мөлшерлемесі 15 жыл бойы, 2000 жылдан бері өзгермеген. Егер арақтың құрамында әрбір 1°С үшін 13,8 теңге акциз белгіленсе, сырада 4,8 акциз қарастырылған болатын. Сыра акцизі мен арақ акцизінің ара салмағы 2,9-ды құрайтын. Өз кезегінде сырада орташа есеппен спирттің құрамы 5,4 пайыз болады. Осыған байланысты, Еуропалық Одақ елдері тәжірибесіне сүйеніп, акциз мөлшерлемесін сусын құрамындағы спирттің үлесіне қарап тағайындау ұсынылды», – делінген xабарламада.

Сыра акцизі мөлшерлемесінің бірден 100 пайызға жоғарылауы (литріне 53 теңге) сыра өндірушілерге кері әсер етуі мүмкін. Оның үстіне Қазақстан нарығы Ресей нарығына қарағанда біршама кішкентай. Ресей халқы сыраны 12 есе көп тұтынатынын ескеретін болсақ, бұл тіпті мардымсыз. Спирттік сусындардың акциз мөлшерлемелерін арттыру ішімдікке салынуға қарсы тиімді құралдардың бірі саналады. Қазақстанда соңғы 5 жылда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға байланысты дерттердің саны 25 пайызға азайған (2009 жылы – 320 мың, 2013 жылы – 241 мың адам).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз