Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстанда 40 жыл жөндеу көрмеген жолдар бар

167

Жайсыз жолдың жанға батқаны болмаса, көгілдір отын жеткен, ауыз су да бар. Қайнар ауылының іргесі қаланғанына жарты ғасырға жуық уақыт болған. Аудан орталығынан ауылға дейін апаратын 35 шақырым жолдың жөндеу көрмегеніне де қырық жылдан асыпты. Бұл жолдың өзі асфальт жабыннан ада, қиыршық тастан үйіліп жасалған. Боранды және жаңбырлы күндері қаламен қатынас үзіледі.

Жеңіс Мақұл, ауыл тұрғыны:

– Менің осы ауылда тұрғаныма 40 жыл болды, 40 жылдан бері қарай, әбден айта-айта жауыр болған мәселе. Кеше екі күн мықтап боран болды, жолды басып қалды. Қыстыгүні, күзде, көктемде бұл жол қатынасы бізде бастың ауруы былай айтқанда.

Мыңнан астам тұрғыны бар елді-мекенге 2010 жылы көгілдір отын жеткен. Мектеп пен балабақша бар. 40 орындық балабақша ғимараты өткен жылы күрделі жөндеуден өткен. Ал, талай жыл тұрғындарды титықтатқан жолдың құрылысы биыл басталатын болды. Жоспар бойынша, құрылыс 3 жылда аяқталуы тиіс. Қар еріп, жер қарайғаннан кейін, жұмыс басталады.

Нұрдәулет Жалашев, Тоқмансай ауылдық округінің әкімі:

– Жолдың құрылысына біздерде 920 млн-ға сметалық құжаттама жасалды. Биыл 2017 жылы 115 млн ақша бөлініп, асфальттау басталады. Енді қазір жобамен 7 шақырымдай жол жөнделетін болды. 1 млн 900 мың қаражат бөлінді, қысқы мерзімде жолды қардан тазалау үшін.

Әкім есебінде ауылдықтар жол құрылысына жергілікті тұрғындар тартылса деген тілек айтты. Жалпы, халықтың басым көпшілігі егін және мал шаруашылығымен айналысады. Өткен жылы егін салған қожалықтар мол түсіп алыпты. Ал, малдың басы азайып барады – дейді ауыл басшысы.

Былтыр бірде-бір тұрғын ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатыспаған. Қаржы институттарының өкілдері бірнеше рет келіп, ақпараттық-түсіндіру жүргізсе де, нәтиже болмапты. Биыл осы жұмыстарға күш салу жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз