Нұр-Сұлтан
Қазір
-25
Ертең
-20
USD
436
0.00
EUR
494
0.00
RUB
5.69
0.00

Қазақстанда 1 миллион 200 мыңнан астам азамат жер телімін алу кезегінде тұр

«Жер реформасы аясында, жер мәселесіне қатысты проблемалар көтеріліп жатқан кезде, оның көлеңкелі тұстарына да назар аударған ләзім. Бұлардың барлығы да халықтың әлеуметтік жағдайына, тұрмыс тіршілігіне тікелей байланысты. Мәселен, Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда, 1 миллион 200 мыңнан астам азамат үй салу үшін жер учаскелерін алу кезегінде тұр. Олардың көпшілігі – жастар, жас отбасылар. Осы ретте айта кетерлігі, Үкімет қаулысы бойынша инфрақұрылымы жоқ жерлерді беруге тыйым салынған. Осыны сылтау еткен әкімдер жұртқа жер беруді тоқтатты», – деді Ә. Бектаев.

Оның айтуынша, соңғы 10-12 жыл көлемінде үй салуға жер бөлу мүлдем мардымсыз жүргізілді, тіпті жоқтың қасы десе де болады.

Бұнымен қоса, партия басшысы елді мекендер айналасындағы жайылымдар проблемасына да тоқталып өтті.

Оның келтірген мәліметіне қарағанда, соңғы 10 жыл көлемінде экономиканың оңалуына байланысты халықтың тұрмысы жақсарып, жұрт қолында ұстайтын мал саны да күрт артқан. Бұл ретте бұрынғы нормативтерге сәйкес, ортақ пайдалануға берілген жайылымдар тарылып, мал жаюға, өріске шығаруға кедергілер кездесіп жатыр.

«Сондықтан да, ертеректе кейбіреулердің иелігіне кеткен, жалға берілген жайылымның бәрін ревизиядан өткізуге тиіспіз. Артық алынған жерлер ортақ пайдалануға беріліп, елді мекен тұрғындарына жағдай жасалуы керек. Өйткені, ауыл тұрғындарының тұрмысы мал шаруашылығына тікелей байланысты болып отыр», – деді Ә.Бектаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2022 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз