Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымын арттыру мәселесі талқыланды

Отырыс аясында Қазақстан мен Израиль арасындағы сау­да, кәсіпкерлік пен инвестиция, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық-комму­никациялық техноло­гиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті және перспективалы бағыт­тары, сондай-ақ, Израиль мем­лекетінің Премьер-министрі Б.Нетаньяхудың Қазақстан Республикасына сапары барысында екіжақты құжаттарды қол қоюға дайындау мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, тараптар екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайту маңыздылығы мен қажеттілігін бекітті.

2016 жылдың 9 айы ішіндегі Қазақстанның Израильмен тауар айналымы көлемі 236,9 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өз кезегінде өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға аз. Биыл сауда айналымындағы экспорт көлемі – 196,9 млн АҚШ доллары, импорт 40 млн АҚШ доллары болды. Сауда-саттықтың бұлайша азайып кетуіне байланысты оны дамыту қажеттігін айтып, тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Израиль мемлекеті арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді бастаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы ынты­мақ­тастықты жандандыру, атап айтқанда, қазақстандық ма­мандардың Израильдің алдыңғы қатардағы медицина орталықтарында біліктілігін арттыру және Израиль маман­дарының қатысуымен шебер­лік-сыныптар өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Израиль тарабы ауыл шаруа­­шылығы саласындағы ынты­­мақтастықты дамытуға қызы­­ғушылық танытты. «Үш­қоңыр» тамшылатып суару жо­басы бойынша Қазақ­стан-Из­раиль орталығын халық­ара­лық орталыққа айналдыру, сондай-ақ, Қазақстанда демон­страциялық ферма құры­лысы бойынша бірлескен консор­циум құруға ерекше назар аударылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз