Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

Қазақстан КХДР-дің ядролық сынаққа қатысты әрекеттерін қатаң айыптайды

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ ) XIV бабы бойынша 9 конференциясына Жапониямен бірге тең төраға және Баллистикалық зымырандардың таратылуына қарсы халықаралық Гаага тәртіп кодексінің төрағасы болып табылатын Қазақстан КХДР жауапсыз әрекеттері ядролық қарусыздандыру процесіне кері әсер тигізеді және аймақтық, жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіреді, ядросыз болашақты қамтамасыз ету үшін әлемдегі елдердің басым көпшілігі салған күш-жігерге нұқсан келтіреді деп санайды.

«Ядролық қарудың бүкіл нәубетін сезінген Қазақстан, өз еркімен ядролық арсеналдарды ие болудан бас тартқан ел ретінде, БҰҰ Бас Ассамблеясында 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні ретінде жариялау туралы қаулыны қабылдаған мемлекет ретінде, әлемде ядролық сынақтардың толық тыйым салуды құптайды, сонымен қатар ҚХДР-ды ядролық амбициясынан бас тартуға және жедел түрде Қытай, Ресей , АҚШ, Корея Республикасы және Жапонияның қатысуымен алты жақты форматтағы ядролық мәселе бойынша келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырады.

Жаһандық қауіпсіздіктің кепілі әлемді ядролық қарудан азат ету арқылы қол жеткізіледі. Бұған біздің еліміз бен 21-ші ғасырда адамзатты ядролық қарусыз қоғам құруға шақырған Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүйелі үндеп келеді» делінеді ресми мәлімдемеде.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз