Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстан Қарулы Күштері сержанттарының бүкілармиялық байқауы өтті

497

Сайысты іс жүзінде өткізу сержанттардың жан-жақты дамуы мен кәсіби шеберлігін көрсетті. Кезең барысында қатысушылар атыс, дене, әскери-медициналық дайындық, әскери топография және қоян-қолтық ұрыс бойынша нормативтерді орындады.

Байқау келесі алты санат бойынша өткізілді:

  • «Үздік өңірлік қолбасшылық (әскер тектері, Қарулы Күштер бас басқармасының) сержанты»;

  • «Үздік бригада (база) сержанты»;

  • «Үздік батальон (дивизион) сержанты»;

  • «Үздік рота (батарея) сержанты»;

  • «Үздік взвод сержанты»;

  • Үздік бөлімше (танк, әскери машина, есеп-топ, қондырғы) командирі».

«Жыл сайын біз нормативтерімізді шыңдап, сайысымызды жақсартуға тиіспіз. Бұл арқылы сержанттар корпусы дамитын болады. Сарбаздарымыз, бағыныстыларымыз бізге мақтанышпен қарап, «Сержантымыз, командиріміз өнер көрсетіп, бірінші орынға ие болды» деп айтатын болады, – деді байқауға қатысушы «Батыс» ӨңҚ әскери қызметшісі сержант Қанат Қанатбаев.

«Қорғаныс министрі мен Бас штабтың бастығы сержанттардың дайын болып, «мен сияқты жаса, менен жақсырақ жаса» жеке үлгі көрсетуде өздерінің жеке құрамын алып жүруіне ерекше назар аударады. Конкурс бізге сержанттар қандай деңгейде дайындалғанын, біздегі дайындықта қандай кемшіліктер бар екенін талдауын береді. Байқаудан кейін біз қорытынды жасаймыз», – деп ҚР ҚК бас сержанты – ҚР ҚК БШ Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов атап өтті.

 

????????????????????????????????????

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз