Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстан «Анталья – ЭКСПО» көрмесінде үшінші орын алды

182

Қазақстандық павильонның экспонаттарын ҚР БҒМ Ғылым комитеті жанындағы Ботаника және фитоинтродукция институты әзірлеп, көпшілікке ұсынған. Павильон қонақтары палеоботаникалық үлгілер жиынтықтары түрінде жасалған Қазақстанның флорасының тарихымен танысып, «Қызыл кітапқа» енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан сегіз ағаш тұқымдас өсімдік түрін көре алды.

Әлемдегі ең үлкен көрменің өсімдіктерден жасалған үздік павильонын таңдау кезіндегі басты критерийлер павильонның көрме тақырыбына сай болуы, нақтырақ айтқанда, тарихын, биологиялық әралуандылығын сақтау, тұрақты даму мен «жасыл қала» болды.

Марапаттау салтанатында сөз сөйлеген «Анталья ЭКСПО-2016» ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Түркияның азық-түлік, ауыл және мал шаруашылығы министрі Фарук Челиктің айтуынша, 191 күннің ішінде көрмеге 4,5 миллионнан аса жергілікті және шетелдік қонақ келген. Кейбір күндері көрме қонақтарының саны 70 мыңнан асқан.

«Анталья ЭКСПО-2016» халықаралық ботаникалық көрмесі өз жұмысын 22 сәуірде бастады.Көрме философиясы – «Болашақ ұрпақтың жасыл әлемі», ал басты тақырыбы – «Гүлдер мен балалар» болды.

Көрме аумағы 120 гектарды құрады, онда 54 мемлекеттің павильоны жұмыс істеді.

Айта кететін бір жайт, Білім және ғылым министрлігінің  Ботаника және фитоинтродукция институты 1932 жылы құрылған. Институтта республикамыздың түрлі аймақтарында жиналған 500-ден  аса қазынды өсімдіктер коллекциясы сақталған. Бұл Орталық Азиядағы юра, бор, палеогендік және неогендік кезеңдердегі қалдықтардың ең ірі коллекциясы. Институт құрамында Басты ботаникалық бақ, Жезқазған ботаникалық бағы және Іле ботаникалық бағы бар.

Дереккөз: Айқын газеті

20160423010242

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз